Әйелдер колониясының сотталғандары Елорданың эксклюзивті макеттерін жасаған.

Әйелдер колониясының  сотталғандары Елорданың эксклюзивті макеттерін жасаған.

Әйелдер колониясының  сотталғандары

Елорданың эксклюзивті макеттерін жасаған.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысындағы әйелдер колониясының сотталғандары Елорданың көрікті жерлерінің ерекше эксклюзивті макеттерын жасап, бәрін таң қалдырды. Осындай керемет макеттерді сотталғандар өз қолдарында бар картон қағаздарынан, түрлі-түсті оракулдардан, шарлардан, тіпті далада жиналған қиыршық тастардан  жасаған. Шығармашылық жұмыстар еліміздің бас қаласы  Нұр-Сұлтанның қалыптасуы және гүлденуы туралы тарихыннан көп сыр білдіреді.  

Жиналғандардың барлығына «Ақ-Орда», «Хан Шатыр», «Байтерек», «Мыңжылдық аллеясы» және «Жаңа театрдың» шағын көшірмесінің қолөнер бұйымдары ұсынылды.

«Бүкіл процесс бір айға созылды. Түзеу колониясы басшылығының қолдауымен  сотталған әйелдер осы қолөнер бұйымдары жасаумен жұмыстан және оқудан бос уақытында айналысты. Жаңа макеттер кешкі мектеп пен колледж залында орналасқан, сотталғандарымыздың осындай туындылармен үнемі толықтырылып тұратын қолөнер көрмесіне қойылды. Ол біз мақтан ететін көрмемізді үйлесімді толықтырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен қазақ халқы мен мемлекетіміздің барлық жетістіктері туралы өз баяндамаларында көрсете білген кешкі мектеп пен колледждің ұстаздары өздерінің сотталған шәкірттерлерімен бірлесе отырып, ұйымдастырған жұмыстары үшін ерекше атап өткім келеді», - деді ОВ  156/21 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры Қайранова Ақмарал Болатбекқызы.

«Қолданбалы өнер сотталғандар үшін ең қолжетімді өнерлердің бірі, себебі, көркемдік талғам мен шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажет», - деп хабарлайды әйелдер колониясының ұйымдастырушылары.

Атап өтсек, мұндай іс-шаралар Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді оятып, сотталғандарды рессоциализациалауды сәтті жүзеге асырады. Сотталғандардың барлық ерекше жұмыстары мекеме әкімшілігінің алғысымен белгіленді.