Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан турнир ШҚО-да өтті.

Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан турнир ШҚО-да өтті.

Тұңғыш Президент күніне арналған волейболдан турнир

ШҚО-да өтті.

 

Өскеменде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінде ерлер арасында волейболдан турнир өтті.

Спорттық шара басталар алдындаШҚО бойынша Департаменті  бастығының орынбасары Мақсат Сейтахметов қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, сәттіліктіледі.

«Облыстағы колониялар арасында волейболдан жарыстар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент ікүніне орай жыл сайын өткізіледі және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің беделін арттыруға, волейболды кеңінен насихаттауға және дамытуға ықпал етеді. Волейбол – бұл командалық спорт, ал жарыстарға қатысу нәтижесі команда мүшелерінің ұжымдық күш-жігерінің нәтижесі», - деп айта кетті Мақсат Маратұлы.

Жарыс Шығыс Қазақстан облысындағы ОВ 156/22 ҚАЖД спорт алаңында өтіп, оған бес команда қатысты. Әрбір ойын қызықты болды, қатысушылар дәл және күшті арналарды қолдана отырып, қателіктерден аулақ болуға тырысты. ОВ 156/1, ОВ 156/2, ОВ 156/3, ОВ 156/20 және ОВ 156/22 командаларының ойыншылары ымырасыз мінез көрсетті.

Бес команда арасындағы тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша үздіктер мен мықтылар анықталды: бірінші орынды ҚАЖ департаментінің құрама командасы, екінші орынды ОВ 156/2 командасы құрметпен, ал қола 156/20 мекеменің комндасына бұйырды.

Ойын қорытындысы бойынша үздік командалар мен ойыншылар мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысушылар елдегі айтулы мереке қарсаңында өздерінің жағымды эмоцияларымен бөлісті.