
Әйелдер колониясында жаңа технологиялар енгізілуде.
Орталық Азиядағы Renal Reform International аймақтық өкілдігінің сараптамалық қолдауымен, ҚР ІІМ ҚАЖК мен және «Zona+telecom» ЖШС арасындағы әзірленген жобаға сәйкес ШҚО ҚАЖ департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде ҚР ҚАК-нің 109 бабына сәйкес таксофондар арқылы сөйлесуге арналған пин-кодтарды жедел жеткізу жүйесі орнатылды.
«Бұл жобаның негізгі мақсаты- таксафондық карталарды жеткізу уақытында туындайтын шығымдарды қысқарту, сотталғандардың таксафондық қонырауларына ақы төлеудің жаңа тәсілі, пенитенциярлық жүйені цифрландыру және бас бостандығыннан айыру орындарында отырған тұлғалармен телефон арқылы сөйлесуді қамтамасыз ету. Заманауи ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды пайдалануы- сотталғандардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, олардың қоғамдық байланыстарын сақтап , арттырады» – деп түсіндірді мекеме бастығы әділет подполковнигі Жақсылық Саматұлы Алтаев.
«Бізге түсіндіргендей, бұл жүйе үйге қонырау шалуымызды айтарлықтай жеңілдетеді, яғни қазір туыстарымыз біз өзіміз жасайтын қоныраулар үшін белгілі бір соманы онлайн төлегеннен кейін, біз осы жерден пин-коды бар түбіртек аламыз және қонырау шалмастан бұрын, сол пин-кодты теріп, содан кейін туысымыздын номерын теріп сөйлесе аламыз. Ал бұрын көптен күткен таксофондық карточкаларды алу үшін үйден хатты немесе сәлемдемені алуды күтүге тура келетін. Қылмыстық-атқару жүйесі цифрландырылыпжатқанын өзіміз де сеземіз. Бізде қазірдің өзінде электронды өтініштерге арналған терминалдар бар, соттар бейнеконференцбайланыс арқылы өтеді, онлайн заңгерлік көмек те көрсетіледі және бейнебайланыс арқылы туыстарымызбен байланысып тұрамыз. Ия, осындай кең мүмкіндіктер үшін біздің Үкіметке және мекеме басшылығына алғыс айту керек» – деді сотталған Евгения.