Тұрақты тәртіп негізі – рухани тепе-теңдік

Тұрақты тәртіп негізі – рухани тепе-теңдік

Тұрақты тәртіп негізі – рухани тепе-теңдік

Шығыс Қазақстан облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ОВ-156/22 мекемесінде жазасын өтеушілердің қатысуымен олардың психологиялық жай-күйін оңалтуға арналған іс-шаралар кешені өткізілді.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының темір тордың ар жағында жаза өтеушілердің санын азайтуға бағытталған ұстанымы Қазақстандағы отандық заңнама мен мемлекеттік саясатпен бір сарында үндесуде. Осы мақсатта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері тұрақты негізде сотталғандардың психологиялық жай-күйін барынша бақылауда ұстап, оларды оң өзгерістерге жетелеуге күш жұмсайды.

Осылайша, мекемеде сотталғандардмен тәрбие және психологиялық жұмыс жүргізу бөлімі мамандарының ұйымдастыруымен ағымдағы айдың 10-15 жұлдыздары аралығында мекеме іргесінде «Тұрақты тәртіп негізі – рухани тепе-теңдік» атты арнайы контингенттің психологиялық тұрақтылығына қол жеткізуге бағытталған онкүндік өтті.

Онкүндік барысында сотталғандар мамандармен кестеден тыс жекеше қабылдауында болып, өздерінің тапжылтып жүрген мәселелерін ашып жеткізіп, қажетті жайларда, араша мен көмек алу мүмкіндіктерін иеленді.

  • Сотталған азаматтар олардың ешқандай әлеуметтік және қоғамдық статусы ерекшеленбей, ең бірінші қарапайым адам ретінде өзінің жан дүниесінің күйзелістері әрі үрейлерімен үшінші тұлғалармен бөлісу мүмкіндігіне ие болу керек. Жиі жағдайда, түрлі психологиялық амал-тәсілдер қолданылуы барысында жазасын өтеуші тұлға үшін мәселе болып табылатын жайттар анықталып, оларды жеңу, шешу және бұл мәселелерді қабылдауда дұрыс көзқарас қабылдауға әрекеттер жасалады, - дейді тәрбие бөлімі психологы Валентина Маар.

Мәселен, «Жентек қар» медитациялық психологиялық тәсілі арқылы сотталғандарға өздерінің ең басымды әрі мықты деп танылатын қасиеті арқылы сипаттамалар құрап көру ұсынылады, солайша өздерін қоғам мүшелеріне таныстыру мүмкіндігіне иеленеді. Мәселен, біреулер «Тартымды Талшын» деп өзінің айдай сұлулығына назар аудартқысы келсе, енді бірі «Еңбекқор Ержан» деп өзінің еңбексүйгіштікке бейімділігін айшықтауға асық.

Ал «Ескі иесіз қалған дүкен» деген тренинг адамның медитациялық күйге ене отырып, өзін көшедегі иесіз қалған әрі бейқам жайда қалған ғимараттың ішіндегі бір затқа теңей отырып, оның неліктен мұндай халге жеткенін, ал шын мәнінде оның қандай мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар екендігін, қандай болғысы келетіндігіне болжалдар жасауға жағдай туғызады.

  • Жалпы, медитация – адамның өзінің сыр мен жұмбаққа, уайым мен қобалжуға, қуаныш пен қайғысына толы әлеміне саяхат жасап, өзінің субъективті жағдайына сырттай көз тастап, жақсы қасиеттерін дұрыс бағытта дамытуына, ал жаман тұстарынан арылуға айтулы тәсілдер табуға мүмкіндік береді. Бұл сәтте, адам тек қана өз әлемі мен өз санасы алдында ғана ашылатындығы, яғни, біреуге сыр ақтарудан алшақтық аса маңызды, сол себепті, рухани жаттығушылар мұндай сынақтарға қуана келіседі, - дейді тәрбие бөлімі бастығы Рустам Сейтказинов.

Осы шаралар өткен мекеме қауіпсіздігі барынша төмен түзету мекемелері санатына жататын болғандықтан, бұл мекемеде жазасын өтеушілер қоғамдық ортамен жиірек қарым-қатынаста болады, сондай-ақ, бостандыққа толықтай босап шығу мүмкіндігі де олар үшін ықтималырақ болып табылады.

  • Адамның рухани саулылығы және өзінің тұлғасына сыни көзқарас құрастыра алуы бірі-бірінсіз жүзеге аса алмайтын күрделі үрдістер екенін ескерсек, мұндай мақсаттарға қол жеткізу де аса кәсіби біліктілік пен ізденісті қажет екендігін мойындау керек. Алайда, біздің мекеме қызметкерлері сотталғандардың келешегіне зор үмітпен қарауына септігін тигізіп, қоғамдық ортаға құқықты құрметтеуші мінез-құлықпен қайта оралуына арнап күш-жігерлерін аяп қалар емес, - деп мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айдын Есбосынов маңызды шараның дидактикалық сырынан тұжырым түйді.

Аталған іс-шараның нәтижелі және қызығушылық танытатындай деңгейді өтуіне жергілікті қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік емес ұйымдардың ат салысқандығы да аса қуантарлық жайт екенін атап өтпеске болмайды.