ШҚО да ҚАЖ қызметкерлері "Мейірімді жүрек" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

ШҚО да ҚАЖ қызметкерлері "Мейірімді жүрек" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

ШҚО да ҚАЖ қызметкерлері "Мейірімді жүрек" қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

ОВ 156/22 мекемесінің қызметкерлері ауыр дертке шалдыққан кішкентай періштеге арнап "Мейірімді жүрек" акциясын ұйымдастырды.

Акцияға Шығыс - Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері қатысып, 3 жастағы Санжардың еміне жұмсау үшін қаражылай көмек көрсетті.

"Ауыр дертке шалдыққан кішкентай Санжардың дерті туралы естіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл деп, бірігіп, ата анасына Санжардың еміне қаржылай көмек бердік. Сондай - ақ, акцияны жыл бойы көптеген қайырымдылық акцияларына қатысып келе жатқан мекемеміздің сотталғандарын жұмыспен қамтып отырған Смаков Азамат өз тарапынан қолдады, деді ОВ 156/22 мекемесінің бастығы.

"Бұл акцияларды өткізудің негізгі мақсаты, әрине, қоғамды қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылардың мәселелеріне тарту болып табылады. Санжардың болашақта ауыр дертінен сауығып кетуі үшін алда әлі де көмек көрсетеміз", – деді мекеме бастығы әділет майоры Руслан Токтыбаев