
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны полиция қызметкеріне тіл тигізгені үшін жазаланды.
Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында Қ.Қайсенов ауылының тұрғыны 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды. Ер адам арақ-шарап ішіп, өтіп бара жатқан көршілеріне әдепсіз сөздер айтып тіл тигізген
Көршілері учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, көршісінің подъезде алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын және олардың ескертулеріне мән бермей, агрессивтілік танытқанын айтып шағымданған.
Хабарламаны алған учаскелік полиция инспекторы құқықбұзушыны тыныштандыруға тырысқанымен, мас жігіт заңсыз әрекетін тоқтатудан үзілді-кесілді бас тартты.
Бұл ретте барлық әрекеттер бейнекамераға түсіріліп, сотта дәлел болған. Әңгімелесу барысында 30 жастағы ер адам мас күйінде полиция қызметкерін әдейі балағаттады. Сот шешімімен ол 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. ⠀
«Сотталған пробация қызметінің есебіне алынып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді. Енді ер адам күніне 4 сағат бойы қала көшелеріндегі қоқыс жәшіктерін тазалап, қарды тазалайтын болады», - деді Өскемен қаласы бойынша пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.