
ШҚО бойынша ҚАЖД-да суицидтің алдын алу бойынша Семинар өткізілді
ҚАЖ департаментінің жеке құрамы үшін психологтар суицидтің, алкогольге тәуелділіктің және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бойынша семинар өткізді. Іс-шараға психологиялық денсаулық орталығынан психотерапевт, суицидология және алкогольге тәуелділік саласындағы маман Ольга Георгиевна шақырылды. Семинарда тәуелділіктің түріне және тәуелділік дәрежесіне байланысты аутодеструктивті мінез-құлыққа араласудың ерекшеліктері талқыланды. Сондай-ақ, маман тәуелді мінез-құлықтың жалпы сипаттамасы, тұлғаның тәуелді мінез-құлқының тұжырымдамалық модельдері мен факторлары туралы айтты.