АЖЫРАСУ ТЕК ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮШІН ҒАНА стресс ЕМЕС: пенитенциарлық психологтар сотталушыларға ажырасу кезінде қалай көмектесетінін айтты

АЖЫРАСУ ТЕК ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮШІН ҒАНА стресс ЕМЕС: пенитенциарлық психологтар сотталушыларға ажырасу кезінде қалай көмектесетінін айтты

АЖЫРАСУ ТЕК ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮШІН ҒАНА стресс ЕМЕС: пенитенциарлық психологтар сотталушыларға ажырасу кезінде қалай көмектесетінін айтты.

Көп жағдайда- Үкім ажырасудың себебі болып табылады, ал темір торға қамалған адам туыстарымен және жақындарымен байланысын жоғалтады, тіпті ажырасып кетеді және ажырасуға өтініш беріп жатады.
Темір торға қамалған сотталушы үйіне, әйеліне, туыстарына және достарына хат жазады.
"Жазасын өтеушілердің ішінде ,тіпті өздерінің отбасылық қарым-қатынастарын хат алмасу арқылы бөлісіп,отбасы мәселелерін шешіп, отыратындары да аз емес", - дейді мекеме психологы.

"Негізінен жазасын өтеушілердің әйелдерінің көбісі неке бұзуды сұрап түзеу мекемесіне хат жіберіп жатады", - дейді ол. Кейбір жазасын өтеушілер бұл жаңалықты әдеттегідей қалыпты жағдайда қабылдайды, ал басқалары депрессияға түседі. Бұл қиын отбасылық жағдай кезінде оларға пенитенциарлық психологтар көмектеседі.
Мұндай жағдайларда психологпен жұмыс істеу ажырасу процессін қабылдауды жеңілдетіп қана қоймай, болашақта қарым-қатынас туралы қорқыныш, күмән және иррационалды көзқарастардың алдын алуына көмектеседі.

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің инспектор- психологы Айнұр Нұрғалиеваның айтуынша: "ажырасу -бұл сөзсіз күрделі күйзелістермен байланысты - әрқашан жанның ауырсыну сезімі, көңілсіздік, үміт үзу, тұрақтылық пен қауіпсіздік сезімін жоғалту, бұл ажырасуды бастап отырған адам үшін де, ажырасуды естіп,қабылдап отырған адам үшін де өте ауыр.
Ауыр эмоциялардан толықтай аулақ болудың жолы жоқ. Қалай болғанда да, өзара реніштердің жаралары жазылуы үшін ұзақ уақыт қажет болады, сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарындағы ажырасу — бұл шығынмен тең. Адамның өміріндегі маңызды нәрсені жоғалту ғана емес, сонымен қатар үйреншікті, бірақ қымбат және тіпті алмастырылмайтын нәрсені жоғалтқандай сезім пайда болады. Ертеңгі күткен болашақты сізден алып тастағандай болып көрінеді.
Көп жағдайда сотталған адам осы проблемамен оңашада қалады: "Енді қалай өмір сүремін?"деген сұрақпен ажырасу фактісі алдында тұрған жазасын өтеушіге ауыр тиеді", - дейді ол. "Алдымен кейде бірінші шок және жағдайды теріске шығару болады. Содан кейін агрессия және кінә сезімі пайда болады. Осыдан кейін депрессия, құмарлық, жалғыздық, өз - өзіне кету кезеңі басталады", - дейді психологтар.
Бірақ іс жүзінде бәрі соншалықты қорқынышты емес, басынан бастап жағдайдың барлық кезеңдерінен өтіп, бір-бірін түсінетін және кешіретін ерлі-зайыптылар да бар.

Мысалы, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген сотталған Николайдан (аты өзгертілген)жұбайы біраз уақыт өткен соң ажырасуына өтініш білдірген. Ажырасудың себебін, ол күйеуін түрмеден ұзақ уақыт күте алмайтындығымен түсіндірген,сондай-ақ жасалған қылмыстың да себебі барымен түсіндірген. Алайда, ерлі-зайыптылар ажырасқан жоқ. Николай түзеу мекемесінде мінезі жағынан оң сипатталып, көп ұзамай шартты түрде босатылуға өтініш берген.
Николай әйелімен бірге кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы тәрбиелеп өсіруде.

"Ажырасу орын алып жатқан жағдайлар да бар, көбіне ажырасуға әйелдері өтініш білдіреді ", - дейді ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің инспектор- психологы Айнұр Нұрғалиева.
Арасында ажырасуды ақтап алатын белгілі бір себептер де болады ,оларға маскүнемдікпен есірткіге тәуелділікті жатқызуға болады.
Мысалы, 12 жылға бас бостандығынан айырылған сотталған Андрей Пироговтың (аты өзгертілген) жақында әйелі ажырасуға өтініш берген, оның ажырасуының себебі Андрейдің алкоголизмнен зардап шеккендігі мен сол алкоголизм кесірінен адамды абайсызда өлтіргені үшін деп түсіндірген.
10 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушы Ринат Құсайыновтың (аты өзгертілген) ажырасуының себебі ,оның есірткіге деген құштарлығы болды, сол себепті де Ринат осы бап бойынша сотталып,темір торға қамалған.
"Мен бәрін жоғалттым, денсаулығым мен отбасымды, ештеңені де қайтара алмаймын", - дейді сотталған.

"Мен сотталғанның әйелі өте ақылды әрекет жасаған жағдайды да білемін. Жұбайының босатылуын күтіп ( 2 жылды ескере отырып), содан кейін ғана ажырасқан әйел адам да болды. Сотталған әрине ашуланған, әйелі оған мұндай жағдайда оны тастағысы келмегенін айтып түсіндіргесін, жазасын өтеп жатқан сотталған оны өз еркімен босатып,келісімін беріп, ажырасқан", - деп еске алады колония психологы.

Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елімізде 32,3 мың неке тіркелді — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,5% - ға артық. Ал,ажырасу саны бірден жылына 2,2 есе, 4,6 мыңға дейін азайған.