
Жас жігіт ішімдік құйылған төрт бөтелке мен смартфон телефонын түрме аумағынан лақтырмақ болды.
Колонияның іргелес аумағыннан ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Оның рюкзагынан скотчпен оралған сыйымдылығы 1 литр болатын төрт пластикалық бөтелке тәркіленді.
Сыртындағы скотчты шешіп тексеру барысында пластикалық бөтелкелерге алкогольдің иісі бар сұйықтықтың құйылғандығы анықталды. Сондай-ақ бір смартфон телефоны табылды.
Аталған факті бойынша Ертіс және Согра полиция бөлімдерінің жедел тобы шақырылды.
Ұсталған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады.