Шығыс Қазақстан облысындағы колониясында өтініштер мен шағымдарға  арналған тағы бір электронды терминал орнатылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы колониясында өтініштер мен шағымдарға  арналған тағы бір электронды терминал орнатылды.

Шығыс Қазақстан облысындағы колониясында өтініштер мен шағымдарға  арналған тағы бір электронды терминал орнатылды.


Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі мен прокуратура ортасында ақпараттық интеграциялық жүйесінің жұмыстары еңгізіліп, белсенді түрде жүргізілуде.
Жуықта ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/21 мекемесінде өтініштер мен қолдаухаттарды және шағымдарды жолдауға арналған екінші терминал орнатылды. Айта кетсек, дәл осыдай бірінші терминал мекемеде 2021 жылдың сәуір айында орнатылған.
Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, бұл терминалдың артықшылығы: мұнда сотталған өтініш берудің формалды мерзімі келген кезде өз бетімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға және қоныс колонияға ауысу жөнінде қолдаухатын сотқа  жібере алады. Ең бастысы заңды түрде қолдаухат жазуға мерзім уақыты келуі керек. Сонымен қатар, осы терминал арқылы ол белгілі бір құқық бұзушылық туралы арыздарын, шағымдарын прокуратураға, адам құқықтары жөніндегі басқа да мемлекеттік органдарға жібере алады.
«Шағым немесе өтініш беру үшін сотталғандарға жеке сәйкестендіру нөмірін енгізіп, саусақ ізімен растау қажет. Бұл өте қарапайым және технологияны білудің үлкен дағдыларын қажет етпейді. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы, өйткені сотталғандарға заңда белгіленген шағымдар мен өтініштерді жіберудің, олардың орындалуы туралы мерзім уақыттары туралы сұрақтар туындамайды, өйткені мұнда олар терминал арқылы жауап ала алады, немесе қажет болған жағдайда сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап ала алады. Бұл кез келген шағымды ұсынудың жақсы балама әдісі», - деп мекеме бастығының тәртіп және жедел жұмыстары бойынша орынбасары әділет майоры Уалихан Батырович Жумашев түсіндірді.
«Басында бізде бұл техникаға сенімсіздік пайда болды. Бірақ содан кейін біз бұл өте ыңғайлы екенін түсіндік. Мысалы, сізде прокуратура өкілдеріне сұрағыңыз туындайды, немесе сіз онымен жеке кездесуге жазылғыңыз келеді, сіз терминалға кіріп, деректеріңізді еңгізіп жаза аласыз. Сіздің сұрағыңыз хабарлама ретінде жіберіледі, және сіз сұрағыңызға жауапты мейлінше қысқа мерзімде ала аласыз,» - деп өз пікірімен сотталған Юлия (аты өзгертілген) бөлісті.
Бұл жаңалықтардың барлығы сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеу, кез келген құқық бұзушылыққа заманауи дәл жауап беру мақсатында енгізілген.