
ШҚО-да пробациялық бақылаудан жалтарған сотталған адам ұсталды.
Жас жігітті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде ("ұрлық") көзделген қылмысы үшін соттады, сот оны пробациялық бақылауды белгілей отырып, бір жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Әуезов ауданының пробация қызметіне есепке қою кезінде сотталған адамнан жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен шарттарын сақтауға, оған сот жүктеген міндеттерді орындауға міндеттенетіні туралы жазылулар алынды. Алайда ол жазасын өтеуден жалтарып, пробация қызметінің бақылауынан қашып кеткен. Пробация қызметіне есепке қойылған сәттен бастап сотталғанмен белгілі бір күндері айына екі рет профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізу үшін кезекті тіркеуге келуге міндетті болды. Бірақ сотталған белгіленген мерзімде тіркеуге келмеген және тұрғылықты жері бойынша болмаған. Осыдан кейін пробация қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтау үшін алғашқы іздестіру шараларын бастады. Кейін сотқа іздеу жариялау туралы материал жіберілді. Бес айдан кейін "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында бірлесіп жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сотталған Семей қаласында , ұсталды. Қазіргі уақытта ол сот қаулысына сәйкес қамауға алынды. - "Бұл ретте оған жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот пробация қызметінің ұсынуы бойынша бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыруы мүмкін екенін ескертті. Қазіргі уақытта оған қатысты жазаны бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы құжаттар сотқа жіберілді",- деп түсіндірді пробация қызметінің бастығы Бауыржан Малғаждаров.