Санақ – бұл біздің тарих, ол шежіре

Санақ – бұл біздің тарих, ол шежіре

Санақ – бұл біздің тарих, ол шежіре.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде ұлттық санағы басталды. Санақтың негізгі міндеті –халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын кешенді бақылауға мүмкіндік беретін ақпарат алу.
Біріншіден - санақ ел халқының нақты санын білуге мүмкіндік береді, екіншіден алдынғы санақ көрсеткіштерінің өзгеру динамикасын бағалауға мүмкіндік береді, үшіншіден , бұл ақпарат алдағы жылдардағы елдегі экономикалық жағдайына, әлеуметтік- перспективалық есептерлерге негіз болады.
«Біз санақ нәтижелері негізінде барлық нақты халықтын проблемалық мәселелер бойынша шешімдер қабылданатының түсінеміз, және де әрі қарай ауылдарда да , қалаларда да халықтын өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылданады деп білеміз, бұл өте маңызды. Санақ – бұл тарих, бұл шежіре» – деп ОВ-156/21 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Жақсылық Саматұлы Алтаев түсініктеме берді.
Және, әрине, елдін барлық тұрғындарын сияқты, бұл оқиға жабық мекемелерде жазасын өтеп жатқан адамдарға да қатысты болып табылады. Сонын ішінде ОВ-156/21 мекемесінде де қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап, арнайы есеп алу бөлімі мен тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің бір тобы оқудан өтіп, осы іс шараны жүргізуде, ойткені олар ешкім сияқты сотталғандар туралы біледі және олар жөнінде барлық ақпаратқа ие. Жұмыс онлайн режимінде өткізілуде, мекемеде сотталған әйелдерге қолма-қол сауалнама жүргізіліп, сол арада барлық деректер бірден «Халық санағы» веб сайтына еңгізіледі.
«Әзірге біздің мекемеде жазасын өтеп жатқан 223 әйел адамның 100- ден астамы сауалнамадан өтті. Бұл санақта көптекен сұрақтар бар екенің рас және де осы санақ бұрын жүргізілген санақтардан айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ біз бұл оқиғаға жауапкершілікпен дайындалдық және қысқа мерзімде Үкіметпен біздің алдымызға қойылған тапсырманы сәтті аяқтаймыз деп ойлаймен деп» – мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Анара Куатқызы Сабиева сөз алды.