
Өскеменде қарауыл бастықтарымен сабақ өтті.
Сабақ бастықтарымен Өскемен қаласының әскери бөлімінде ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/2 ерекше режимдегі колониясында қарауыл бастықтары мен көмекшілерінің оқу-әдістемелік кеңесі өткізілді. Колония басшылығымен жоспар мен дәрістер құрастырылып, қарауыл бастықтарына жеткізілді. - Сабақты алдын ала жоспарладық. Қарауыл бастықтарымен және олардың көмекшілерімен оқиғалар, қашу, сондай-ақ бейнетіркегіштерді қолдану және басқа жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттер және кезекшіліктегі басқа да сәттер жеткізілді. Сонымен қатар, сабақта тінту іс-шарасы, сондай-ақ жеке тінту және заттарды тексеру мәселелері көтерілді. Сондай – ақ, тыйым салынған заттарды тәркілеу және оларды колонияға кіргізуге, дақтыруға тырысып жүрген адамдарды ұстау мәселелері талқыланды, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/2 колониясының бастығы Еркін Кабин.
ШҚО колонияларында сапалы жұмысты арттыру мақсатында әскери бөлімнің жеке құрамымен сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.