Ақпаратық хабарлама

Ақпаратық хабарлама

Сотталған, ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінің медициналық бөлімінде емделіп жатқан кезінде, ем алу бөлмесінің есігін жауып алып, прокурордың келуін талап етті.
Оның мұндай іс – әрекетке баруының себебі, өзінің түсіндіруі бойынша
соттың шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартуы болған. Ем алу бөлмесінде сондай – ақ, медицина қызметкері де болған.
Айта кету керек, бұл сотталған бұрын жеті рет түрлі қылмыстар үшін сотталған, рецидивист деп танылған.
Осы іс бойынша ол тонау, қарақшылық және зорлау үшін 13 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, оның 9 жылын ол өтеген. Семей қаласының прокуроры келгеннен кейін ҚАЖД басшылығымен бірге сотталғанға тиісті түсініктеме берілді, содан кейін ол медициналық ем алу бөлмесін ашты.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды, сотталушының әрекетінен ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған дерек келіп жеткен жедел-тергеу тобымен тіркелді. Семей қаласы Әуезов ауданының ПБ сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, ҚАЖ департаменті қызметтік тексеру тағайындады.