"Еңбек-Өскемен"РМК қызметкерлерінің ұжымдық шағымы ҚАЖ Комитетімен қаралды

"Еңбек-Өскемен"РМК қызметкерлерінің ұжымдық шағымы ҚАЖ Комитетімен қаралды

"Еңбек-Өскемен"РМК қызметкерлерінің ұжымдық шағымы
ҚАЖ Комитетімен қарады

"Еңбек-Өскемен" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 22 жыл бойы пенитенциарлық мекемелердің тыныс-тіршілігін және Қазақстанның шығыс өңірінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күні кәсіпорын оңалту сатысында тұр, оның Қаржы-шаруашылық қызметі коммерциялық болып табылады және өз қаражаты есебінен қаржыландырылады. Тауарларды дайындауды, жұмыстар мен қызметтерді ұйымдастыруды РМК дербес жүзеге асырады.
Банкроттықты болдырмау мақсатында ШҚО мамандандырылған экономикалық сотының 2017 жылғы 16 ақпандағы шешімімен "Еңбек-Өскемен" РМК-ға қатысты 2017-2022 жылдар аралығында бес жыл мерзімге оңалту рәсімі қолданылды.
Филиал 100-ден астам сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етеді, жұмысқа орналастырылған адамдардың басым бөлігі (90%) режимдік объектілердің аумағында орналасқан жергілікті ЖК-ға тартылған. Жеке кәсіпкерлер бетон бұйымдарын (тротуар плиткалары, жиектер, құдықтар және т.б.), сабын, жуғыш заттар, ыдыс-аяқ, полиграфиялық өнімдер, металл өңдеу, сондай-ақ дөңгелектерді қайта өңдеуге маманданған.
Бұдан басқа, "Еңбек-Өскемен" РМК ҚАЖ мекемелерінде және коммуналдық кәсіпорындарда ұсталатындарға терезе, жиһаз, нысанды киім, төсек-орын жабдықтарын, арнайы киім және аяқ киім дайындауға шарт жасады. Макарон цехы, ТҚС жұмыс істейді және диірменді іске қосу жоспарлануда.
Алайда, кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін арттырумен қатар, Қазнет кеңістігіндегі шағымдар мен жағымсыз пікірлер саны артуда. Атап айтқанда, "Еңбек-Өскемен" РМК кредиторлық берешегі және оның бұрынғы басқарушылары М.Д. Қайназаров (2018 ж.) және М.Ж. Сұлтанбеков (2019 ж.) ақша қаражатын ұрлау мәселелері талқылануда.
Айта кетейік, барлық кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
ҚАЖ Комитеті "Еңбек-Өскемен" РМК директорының бос лауазымына орналасуға Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген конкурстарды өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес өткізілді. Конкурстық комиссияның 2021 жылғы 4 маусымдағы бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес ҚАЖ Комитеті "Еңбек-Өскемен" РМК жаңа директоры Қ.Д. Уралбековты тағайындады.
Алайда, басшылықтың ауысуына қарамастан, кәсіпорын қызметкерлері тарапынан басқарушыға қатысты жасырын шағымдар мен наразылықтар ҚАЖ комитетіне түсуді жалғастырды.
Ақпаратты алғаннан және өңдегеннен кейін ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірге ақпараттың шынайылығына тексеру жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚАЖК пенитенциарлық жүйеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады. Азаматтардың жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көрінісі туралы әрбір хабарламасы мұқият тексеріледі, олардың бірде – біреуі назардан тыс қалмайды, өйткені кез келген құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жазаларды орындаудың отандық жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттерін анықтау-Қазақстанның түрме реформасын жаңғыртудың нәтижесі болып табылады.