
Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері ардагерге
шаруашылық бойынша көмек көрсетті.
Жұықта ішкі әскер ардагері Бекен Байдәулетов ОВ156/16 мекемесінің әкімшілігіне егін жинауға көмек сұрап жүгінді. ОВ156/16 мекемесінің өкілдері жалғыз басты және қарт зейнеткерге бақта картоп қазуға көмектесті, сонымен қатар жалғыз басты және қарт адамның үйіне кіре берістегі аумақты ретке келтірді.
ОВ 156/16 колониясының офицерлері мен сержанттары ата-әжелеріне үнемі барып тұрады, оларға үй шаруашылығына көмектесіп, бақшадағы өнімдерді жинауға көмек көрсетіп, ауласын тазарту жұмыстары мен арба, орындықтарын жөнеуге іәрдайым көмектесіп тұрады.
81 жастағы Бекен Байдәулетов ішкі әскер ардагері, 30 жылдан астам қызмет еткен. Әскерде "Шұғыл" үш жыл қызмет етіп, ғасырдың төрттен бір бөлігін отставкадағы прапорщик болып қалашегінде орналасқан түзеу мекемелерінің бірінде қызмет етті. Бекен Ақанұлы өзінің еңбек жолын ерте 14 жасынан бастап, әскердегі қызметіне дейін Чекоман тумасы ауылдық жерде жұмыс істеген.
Әсіресе, пенитенциарлық жүйенің ардагері тыңды алғашқылардың бірі болып игергенін мақтан тұтады.
Өкінішке орай, қазіргі уақытта Бекен Ақанұлы жалғыз тұрады, өйткені жұбайы екі жыл бұрын қайтыс болған.
Жаны қартаймайтын зейнеткер, үй мен баққа күтім жасауды өз бетінше жүргізеді. Бекен Ақанұлы көрсетілген көмек үшін қызметкерлерге шынайы алғысын білдірді.
"Балалар үнемі келіп, үй шаруашылығына көмектеседі, қызмет туралы өз әңгімелері мен бөліседі.Балалардың Отан алдындағы борышын өтеуге үлгеріп, бізді ұмытпағаны қуантады", - деді ардагер Бекен Байдәулетов.
Осындай жағдайларды ескере отырып, ОВ-156/16 мекемесінің қызметкерлері өз ардагерлерін қолдайды және қиын жағдайда оларға мүмкіндігінше көмектесуге дайын, - деді мекемесінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі Нұрым Баяхметов.
"Біз ардагерлеріміз бен зейнеткерлеріміз бен әрдайым байланыстамыз. Біз оларға қандай көмек қажет екенін үнемі білеміз. Біздің аға жолдастарымыз әрқашан мекеме қызметкерлеріне сене алады, өйткені олар-өтіп бара жатқан ұрпақтың өкілдері, куәгерлері және біздің қызметіміздің тарихын сақтаушылар",- деп қосты Нұрым Баяхметов.
Мұқтаж жандарға көмектесу –игі іс. Ең бастысы, бұл көмек қажет адамдарға уақытында көрсетілуі керек.