
Шемонаиха қаласында қаза тапқан қызметкерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясын мерекелеу күні қарсаңында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6,14,15,16 мекемелерінің басшылығы мен жеке құрамы қызметтік және әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Қаза тапқан қызметкерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімі 2021 жылғы 26 тамызда Шемонаиха қаласында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің аумағында өтті.
"Бұл күні біз бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан ішкі істер органдарының барлық қаза тапқан қызметкерлеріне құрмет көрсетеміз. Отанға шексіз қызмет етудің үлгісі болған олардың есімдері мен ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі қалады",-деді ОВ-156/6 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі К. Агиспаев.
Қызметтік борышын орындау кезінде мекеменің 2 қызметкері қаза тапты, қайтыс болған офицерлердің отбасылары ШҚО бойынша ҚАЖД мекемелері қызметкерлерінің қамқорлығында.
Мекемелерде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына материалдық қолдау көрсету мақсатында қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетіледі.
Жеке құрам қызметкерлері қаза болған жолдастарын еске алып, қайтып оралмаған әріптестеріне құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын қойды. ҚАЖ қызметкерін еске алу мақсатында сол күні ОВ-156/6,14,15,16 мекемелерінің кадр аппаратының өкілдері ОВ-156/6 мекемесінде қызмет еткен, қаза тапқан Сарсеканов Шалқардың жесіріне барды. Мекемелердің жеке құрамы Шалқар Сәрсекановтың ұлына мектепке қажетті заттарды сатып алу үшін ақшалай қаражат жинауды ұйымдастырды.
Шалқар ең жақсы қызметкерлердің бірі, спортшы және адал отағасы болды. Қызмет барысында ол қызметте жоғары нәтижелер көрсетіп, спортта жүлделі орындарға ие болған. Осыған қарамастан, Шалқардың тағдыры басқаша болып, күрестен спорттық жарыстардағы кезекті жеңісінен кейін үйіне қайтып келе жатқанда өмірі қиылды.
Анасының айтуынша оның баласы рудың жалғастырушысы және мұрагері Ахметқали Мансұр әкесінің ізімен жүріп, полицей болуды армандайды. Қазір ол 3-сынып оқушысы, көптеген конкурстар мен жарыстардың жүлдегері.
Қаза тапқан қызметкердің жесірі құқық қорғаушыларға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтып, өзінің жылы лебізін білдірді.