
Конституция күні қарсанында ШҚО-да жастар шаңырақ көтерді.
Жас жұбайлар жазасын өтеу кезінде колонияда танысып бір -біріне ғашық болды.
OВ 156/22 бастығының орынбасары Айдын Есбосынов Конституция күні қарсанында темір тордың артында жаңа отбасы шаңырақ көтергені туралы бөлісті. Қанат есімді (аты өзгертілді) жас жігіт тандаған жанына жар болуға сөз айтты.
Мәжбүрлі еңбекке сотталған Елена мен Қанат (есімдері өзгертілді) Өскемен қаласындағы 156/22 түзеу мекемесінде кездесті, онда екеуі де жазасын өтеп жатыр, олардың мерзімінің аяқталуына бір жылдан астам уақыт қалды.
Жас жұбайлар Конституциясы мерекелеу қарсаңында неке қию сарайында, күйеу жігіттің жанындағы туыстары, қалыңдық пен достарының, түзеу мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен неке қиюын салтанатты іс шара ұйымдастырып некелерін қыйды.
ОВ 156/22 мекемесі қауіпсіздіктің ең төменгі деңгейінде, жеңіл дәрежедегі қылмыспен жазасын өтеп жатқан адамдар. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері сотталушыларға АХАЖ қызметкерлерін тарта отырып, салтанатты рәсімге рұқсат берді. Ал қалындық армандап жүрген ақ көйлегін қиді.
Жас жұбайлардың өздері айтқандай, олар алты айдан кейін үйленуге шешім қабылдады. Екеуі де тағдырдың ауыртпалығына қарамастан, олар бір -бірін тапқанына және отбасылық байланысты сақтауға ниеттері бар екенін атап өтті.
- Түзеу мекемесінде сотталғандар әлеуметтік байланыстарды сақтайды, мекеменің ішкі тәртіп ережелерін сақтайды, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тырысады және түзеу мекемесінің түрін өзгертеді, ал олардың туыстары мен достары осы маңызды және жауапты сәтке моральдық қолдау көрсетеді. Енді жас жұбайлар тезірек босатылып, жаңа отбасылық өмірді бастау үшін барлық ережелерді қатаң сақтауға ниет білдірді», - дейді ОВ 156/22 түзеу мекемесінің бастығының орынбасары Айбын Есбосынов.