Психологтар жас қызметкерлерге онлайн-семинар өткізді.

Психологтар жас қызметкерлерге онлайн-семинар өткізді.

Психологтар жас қызметкерлерге онлайн-семинар өткізді.

 

Шығыс Қазақстан облысында On line форматында жас буынға отбасылық психотерапевт тәжірибесін шақырумен семинар өткізілді.


Семинардың басты мақсаты - қылмыстық -атқару жүйесі қызметкерлерінің арасындағы отбасылық және тұрмыстық мәселелердің алдын алу.
«Талдау көрсеткендей, қызметкерлер көбінесе қызметтің алғашқы жылдарында қиындықтарға тап болады. Бұл кезең бейімделу деп аталуы кездейсоқ емес. Пенитенциарлық жүйедегі қызмет психологиялық және физикалық тұрғыдан қиын, ол жұмыс уақытының реттелмеуімен, жиі күйзеліспен байланысты. Пенитенциарлық жүйенің әрбір тәжірибелі қызметкері жас қызметкерлердің жұмысқа, командаға кіру жеңілдететін психологиялық әдістерді меңгеруі тиіс», - деп түсіндірді отбасылық психотерапевт Лариса Тыцких.
Кездесудің маңызды бөлігі командалық рухты нығайтуға, қарым -қатынас дағдыларын дамытуға, қиындықтармен бөлісуге және қажет болған жағдайда көмек алу қажеттілігін жасырмауға арналған жаттығулар болды.


Қатысушыларға релаксация әдістері, жағымды эмоцияларды бейімдеу үйретілді. ШҚО бойынша ҚАЖД сихологтары ризашылық білдіру мүмкіндігін жіберіп алмауды ұсынды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД жеке құрам жөніндегі психологтың аға инспекторы Мархабат Нұрмұхамбетованың айтуынша, психологиялық дағдылар пенитенциарлық жүйенің тиімділігін арттыру міндеттері шешіліп жатқан кезде әсіресе өзекті болып табылады, себебі отбасы мен үй қатынастары маңызды рөл атқарады.
«Барлығы сізге қандай жауапкершілік жүктелгенін және бүгінгі күні қылмыстық -атқару жүйесі қызметкерлеріне қандай талаптар қойылатынын білуі керек. Алынған білім кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектесетініне сенімдімін, жақындарыңыздың, достарыңыздың және басқалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі осыған байланысты болатынын ұмытпаңыз», - деп қортындылады кездесуді Мархабат Нұрмұхамбетова.