Өскемен тұрғыны қылмыстық жазаға тартылды.

Өскемен тұрғыны  қылмыстық жазаға тартылды.

Өскемен тұрғыны қылмыстық жазаға тартылды.

 

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны сәнді келбетті ұрламақ болғаны үшін қылмыстық жазаға тартылды.


Қылмыс оқиғасы жаңа жыл қарсаңында Өскемендегі сауда үйлерінің бірінде орын алды.


Күндердің күнінде сатып алушының атын жамылған қылмыскердің кіргені анықталды. Ол үстелге барып, сатушыдан тауарды көрсетуін сұрады. Содан кейін әйел сатушының назарын аударғанын пайдаланды - ол ілгіште ілініп тұрғана туниканы алып кеткен.
Қауіпсіздік қызметінің қырағылығы арқасында дер кезінде күдікті әйел «олжасымен» ұсталды.


Сот үкімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 24 -бабының 3 -бөлігі, 188 -бабының 1 -бөлігімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
«43 жастағы облыс орталығының тұрғыны бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеудің барлық кезеңінде пробациялық бақылауға алынды, сондай-ақ жыл бойына жүз сағат бойы мәжбүрлі еңбекке тартылды. Бұл ретте сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда, сондай -ақ оған сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда сот арқылы өтелмеген жазасының бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылатыны түсіндірілді», - деді Өскемен қаласы пробация қызметінің бастығы әділет майоры Мақсат Манарбеков.Өскемен тұрғыны қылмыстық жазаға тартылды.