ШҚО колония аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге бағытталған 16 әрекеттің жолы кесілген.

ШҚО колония аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге бағытталған 16 әрекеттің жолы кесілген.

ШҚО колония аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге бағытталған 16 әрекеттің жолы кесілген.

 

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияға 8 литрдей алкогольді жасырып лақтытыруға тырысты.
Мекеменің іргелес аумағындағы қауіпсіздігі жоғары мекеменің қызметкерлері сегіз литрге жуық алькоголді ішімдікті жасырып лақтыруға тырысқан ер адамды ұстады. Ащы сусын 5 пластикалық бөтелкеге құйылып дайындалған.
Түн ортасына таяу түзеу мекемесімен жүріп келе жатқан ер адам тыйым салынған скотчпен мықтап оралған пластикалық бөтелкелерді темір тордан асырып лақтырмақ болған.


Сараптама қорытындысы бойынша пластикалық бөтелкедегі сұйықтықтың алкогөлді спирт екенін анықталды.
Күдіктінің айтуынша, «сәлемдеме» сотталғандарға арналғанын растады. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды ОВ 156/2 мекемесінің аумағына беру тәркіленді.


«Қазіргі уақытта ұсталған 34 жастағы Алматы облысының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы-қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды беру бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деді ОВ 156/2 басшысы Еркін Кабин.


Айта кетерлігі, жыл басынан бері 156/2 мекемесі колония аумағына тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтуге бағытталған 16 әрекеттің жолы кесілген.