
ШҚО-да қарасора шөбінің есірткі заты екенін біле тұра жұлып сақтаған жас жігіт жазаланды.
Жас жігіт өзі тұратын ауылдың шетіндегі жабайы қарасораны жұлып жұлған. Оның есірткі заты екенін біле отырып, оны сату мақсатынсыз өзі пайдалану үшін сақтаған.
Полиция қызметкерлерімен жас жігіттің жемпірінің қалтасынан құрамында қара-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар орама тәркіленген. Сараптама нәтижесі бойынша, бұл зат шамамен төрт грамм болатын кептірілген марихуана болып табылады.
"Жігіт бұрын сотталмаған. Бұл оның алғашқы соттылығы. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін оған 120 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалып, пробация қызметінің есебіне қойылды. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жергілікті атқарушы органға жіберілді, - деді ШҚО бойынша ҚАЖД Глубокое аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Мақпал Омарова.