Өскемен қаласының қоныс – колониясы қайта құрылғанына 10 жыл толды

Өскемен қаласының қоныс – колониясы қайта құрылғанына 10 жыл толды

Өскемен қаласының қоныс – колониясы қайта құрылғанына 10 жыл толды

Қоныс-колониясы Өскемен қаласында Аблакетка ауданында, кәмелетке толмағандарға, атап айтқанда сүрініп қалған жасөспірімдерге арналған бұрын жабық тәрбиелеу колониясының орнында орналасқан.
Тура 10 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 02.07.2011 жылғы № 401 бұйрығымен кәмелетке толмағандарға арналған колония қоныс-колониясына қайта бейінделді. Қазір мұнда колония басшылығының айтуынша, түзу жолға  түскендер жазаларын өтеуде. Мұнда сотталғандарды ұстау жағдайлары өзгерді. Бақылау мұнарасында бұрынғыдай әскери қызметкерлер күзетте кезекшілік етпейді. Ал сотталғандардың өздері колония аумағы еркін жүріп тұру мүмкіндіктері бар.
"Мұнда түзету жолына нық тұрғандар жазасын өтеп жатыр. Мысалы, сотталғандар мұнда орташа және қатаң қауіпсіздік мекемелерінен, оң сипатталғандардан ауыстырылады. Сотталғандарды ауыстыру мақсаты қоғамға бейімдеу, сот үкімі бойынша тағайындалған талаптарды өтеу үшін оларды одан әрі жұмысқа орналастыру болып табылады."- дейді мекеме бастығы әділет подполковнигі Қуаныш Ахметқалиев.
Колония-қоныс қызметкерлері өз қызметінде сотталғандарға өздеріне деген сенімділікті арттырып олармен жұмыс істейді.
Көбінесе сотталғандар қызметкерлерге тек заңгерлік көмек үшін ғана емес, сонымен қатар күнделікті мәселелер бойынша кеңес алу үшін жүгінеді, босатылғаннан кейінгі болашақ жоспарлары туралы айтады, өздерінің ішкі істерімен бөліседі.
"Колонияда өткізген екі жарым жыл ішінде мен көп нәрсені қайта қарастырдым, жақындарымды бағалай білуді үйрендім, адамдарды түсіне бастадым, оларды түсіне бастадым, сонымен қатар сылақшы-сырлаушы, әрлеуші, шатыршы дағдыларын үйрендім. Мен дәл осы мекемеге келгеніме өте қуаныштымын, колонияның барлық қызметкерлеріне бізге көрсеткен мейірімділігі, түсінігі мен қамқорлығы үшін үлкен рахмет", – дейді сотталған.