
Пробация қызметінің сотталғандары Астана күні қарсаңында өлең оқыды.
Семей қаласы Әуезов ауданының пробация қызметінде қазіргі уақытта 170-ке жуық сотталған есепте тұр, оның 20-ға жуығы әйелдер.
Негізінен олар ұялы телефондарды ұрлау, тонау, алаяқтық және т.б. бойынша есепке тұр. Есепке тұрған сотталушылар арасында пробация қызметі инспекторларымен «Тәуелсіздік түндігі - Нұр-Сұлтан» тақырыбында Астана күніне арналған көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Бұл байқаудың басты мақсаты: сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқу,Елорданың нышанымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Астананы көшіру туралы» Жарлығымен, оның мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, қазіргі заманғы келбеті мен жетістіктерімен таныстыру, сондай-ақ Нұр-Сұлтанның жетістіктері сотталушылардың бойында патриоттық сезімді, елге және адамдарға деген құрмет сезімін ояту, сүйіспеншілікті нығайту және Қазақстанның жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру … Олар өз композициясы бойынша, кейбірі біреуі парақтан, біреу, есте сақталған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
«Сотталушылардың туған жерге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқуы - пробация қызметі жоспарлаған, астана күніне орайластырылған көптеген тәрбиелік шаралардың бірі», - деді Семей қаласы Әуезов ауданық ПҚ бастығының орынбасары әділет майор Эрик Усербаев.