Түрмеге телефон кіргізбек болған

Түрмеге телефон кіргізбек болған

Түрмеге телефон кіргізбек болған


ШҚО-да 32 жастағы сотталған 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігінің бортында құмға жасырып өтуге тырысқан

ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу деректерінің алдын алды.

"Мекеменің өндірістік аймағына құм әкелген «Камазды» тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылып, тәркіленді. Оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 сим карта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 481-бабы 1-бөлігі сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар жиналуда.