Қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері Семей қаласының өлкетану мұражайына барып қайтты

Қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері Семей қаласының өлкетану мұражайына барып қайтты

Қылмыстық – атқару жүйесінің қызметкерлері Семей қаласының өлкетану мұражайына барып қайтты.

18 мамыр – Халықаралық Мұражай күніне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының тарихи - өлкетану мұражайына барды, бұл мұражай Қазақстандағы ең көне мұражайлардың бірі болып табылады. Мұражай 1883 жылы Ерікті халық - бастамасымен құрылды. Мұражай қорында археология, этнография, палеонтология, нумизматика, зоология, минераогия бойынша 100 мыңнан астам бірегей және құнды экспонаттар бар. Бұл тұрмыстық заттардың және монеталардың, қолжазбалардың, баспа құжаттарының сонымен қатар т.б. тарихи коллекциялар сақталған.

Іс-шараның басты мақсаты – туған өлкенің тарихи жерлерімен таныстыру, сананы рухани жаңғырту және патриотизм рухын көтеру, туған өлкенің тарихын білу. Түзеу мекемесінің қызметкерлері экскурсия жүргізушінің көмегімен мұражайдың көптеген экспонаттарымен және бұрыңғы Семей қаласының өмірімен және оның мәдениетімен танысты.

Мұражай жұмысшылары мекеме қызметкерлеріне аймақтағы археологиялық олжалар мен пайдалы қазбалар туралы айтып өтті.

«Мен өлкетану мұражайына бірінші рет келіп отырмын. Өңіріміздің тарихынан көп нәрсені танып білдім. Экскурсия өте қызықты және мазмұнды болып, ежелгі жәдігерлер ерекше әсер қалдырды»,- дейді әділет капитаны Шакаримова Назгуль.

«Бүгінгі күніңізді біздің мұражайға арнағандарыңызға ризамыз. Біз сіздерді балаларыңызбен көрмелерімізді тағы тамашалауға шақырамыз, бұл жастардың мәдени білім алуына ықпал етеді,- дейді мұражай басшысы Сабырбаев Кайрат.

«Біз осындай шараларды мүмкіндігінше жиі өткізіп, туған жеріміздің тарихымен танысуға тырысамыз»,- деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Ахметжанов Ерсин