ШҚО-да 135 дана трамадолды ерекше тәртіптегі колонияға лақтырмақ болды

ШҚО-да 135 дана трамадолды ерекше тәртіптегі колонияға лақтырмақ болды

ШҚО-да 135 дана трамадолды ерекше тәртіптегі колонияға лақтырмақ болды

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері ерекше тәртіптегі колонияға есірткі жеткізу әрекетінің жолын кесті. Іргелес аумақты патрульдеу кезінде мекеме қызметкерлер таңғы 5-тер шамасында скотчпен оралған екі түйіншекті тәркіледі, оны белгісіз адам негізгі қоршау арқылы колониядағы сотталғандарға лақтыруға тырысқан.

«Лақтырмақ болған адам өз жоспарын жүзеге асыра алмады, ол патрульді көріп, екі дана түйіншектелген орамды сотталғандарға лақтырып үлгермеді. Қызметкерлермен Өскемен қ. ПБ полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылып, түйіншектелген заттың ішінен екі ұялы телефон, 135 дана трамадол және алты 0,5 мг сыйымдылықтағы, белгісіз зат табылды», – деді Жасұлан Баденов