ШҚО облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері «асырып лақтырушыларды» қолға түсірді.

ШҚО облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері «асырып лақтырушыларды» қолға түсірді.

ШҚО облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері «асырып лақтырушыларды» қолға түсірді.​ ​

Қаскөй осы облыс аймағында орналасқан ОВ-156/18​ түзеу мекемесі айналасындағы бос ғимараттар мен шұңқырларда жасырынып жатқан мекеме қызметкерлерін байқамай қалған екен. Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан сотталған тағатасыздана күткен 11​ жаңа ұялы телефонға (қуаттағыш, сим-карта, әуен тындауға арналған құралдар)  және қою-жасыл түсті таблеткаларға қол жеткізе алмады.

«Қылмыскер мекемені қоршауына жақындап, жақтаудан​ асыру үшін​ скотчпен оралып дайындалған бумаларды алып шыға бергені сол-ақ еді, оны бірнеше жағынан мекеме қызметкерлері қоршап алды. Ойын жүзеге асыру үстінде үрейі қашқан қаскүнем барлық заттарды жан-жағына лақтыра салып, қашуға жөнелгенімен, ізін суыту қолынан келмей, сол жерде-ақ ұсталды. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ал тәркіленген таблеткалар тәртіп сақшыларымен​ сот-химиялық сараптамасына​ жолданылды. Егер аталған өнім құрамында есірткі заттары табылатын болса, ұсталған тұлға әрекет етуші заңнамаға сәйкес, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, —​ деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы, әділет полковнигі Жанболат Қалетаев.​

Сонымен бірге, облыстық Департамент бастығы түзеу мекемелерінің қызметкерлері қаскөйлердің жоспарларын алдын-алу мақсатында әркез қырағылық танытып отыратындығын атап өтті. Алдымыздағы қыста, тура осындай «асырып лақтыру» мүмкіндігінің жолы кесілген болатын, ол жолы мекеме қызметкерлері ақ костюмдер киіп, қар беткейімен теңесіп, қылмыскерлердің үстіне кенеттен тап болған еді.​ ​