ШҚО-да әйелдер колониясында ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті

ШҚО-да әйелдер колониясында ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті

ШҚО-да әйелдер колониясында ұлттық киімдердің көрсетілімі өтті

Әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер түрлі ұлттардың ұлттық киімдерінің көрсетілімін ұйымдастырды. Сотталған әйелдер бұл іс-шараға шамамен екі ай дайындалған. Олар өз қолдарымен эксклюзивті киімдер тігіп, қазылар алқасына өз жұмыстарын ұсынды.

«Әрбір образ бірегей болды. Әйелдер сан түрлі ұлттың дәстүрлі киімдерін өз қиялдарымен тігуге тырысқан және өз еріктерімен ешкімнің көмегінсіз киіз үй жасаған. Іс-шара барысында Армения, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қазақстанның халық билерінің алуан түрлілігі қазылар алқасын таң қалдырды, – деді мекеме бастығы Жақсылық Саматұлы.

“Наурыз – 2021” топтамасын сотталғандар өздерінің туыстарына, қыздарына, апа-сіңлілеріне және аналарына жібере алады.

«Біздің мекемеде әртүрлі ұлт өкілдері жазаларын өтеп жатыр. Бүгінгі көрсетілімге Татарстанның ұлттық киімін тіктім. Оны тігіп жатқанда, мереке алдындағы қарбаласқа бой алдырып, өз Отанымды, өз халқымның салт-дәстүрін еске алдым», – деді Татарстанда туған сотталған әйел.