
Әйелдер колониясындағы «Көктем ауры»
Шығыс Қазақстан облысының әйелдер колониясында «Көктем аруы» байқауы өтті.
Қазылар алқасының құрамына ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев, әйелдер колониясының бастығы, Жарма аудандық прокуратурасының өкілі, «Еңбек» РМК өкілі кірді.
Сотталған әйелдер әр кезеңге мұқият дайындалды. Олар киім-кешектерді өздері ойластырып, тігіп, шығармашылық нөмірлермен жұмыс жасады.
Байқау 5 кезеңнен тұрды, оның ең жарқын кезеңі сән көрсетілімі және өзі туралы әңгіме болды. Қатысушылар биіктен көрінді. Қатысушылар үшін демеушілер ақшалай сыйлық және DVD түріндегі бірегей сыйлықтар дайындады, - деді ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.
Төрт қатысушы өзара өнерліні анықтады.
Мен өмірде оптимистпін, ал қазір сахнада ұлы әртіспін. Отбасында мен кіші қызбын, бес жасымнан бастап билеймін. Әрқашан күлімсіреп жүремін. Түрік тілінен жақсы аударамын, корей тілінде оқимын, еуропалық болсам да, ағылшын тілімен доспын. Өз елімнің патриотымын, елімді жақсы көремін. Мен үшін өмірде құндылық бар. Ол – отбасым, маған жақын адамдар. Өмірімде өзгерістер бар. Періште емеспін, қателестім. Бастысы өзіме сенімдімін, бүгін жеңіс менікі болады және болашақта мен босатыламын, сол кез менің басты жеңісім болады, - деді бас жүлдені алған қатысушы.