
ШҚО-да ер адам колонияға жарты келіге жуық есірткі мен тоғыз телефон кіргізбек болды
Шығыс Қазақстан облысының колониясына жарты килограммға жуық есірткі мен тоғыз телефон кіргізуге тырысты. Бір тәулік ішінде колония қызметкерлері тоғыз ұялы телефон мен жарты килограмға жуық марихуананы ерекше тәртіптегі колонияға кіргізбек болғандардың жолын кесті.
Қызметкерлер ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ 156/20 мекемесінің негізгі қоршауының жанында “тыйым салынған” заттарды лақтыру әрекеті кезінде екі ер адамды ұсталды.
«Ұсталған адамдардың екеуінде де тыйым салынған заттар болған. Тоғыз ұялы телефоны және үш SIM-карта, сондай-ақ куәгерлердің көзінше екінші азаматтан ерекше иісі бар жасыл түсті зат тәркіленді, – деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.
Аталған фактілер бойынша Ертіс және Согра ПБ жедел тобы шақырылды. Енді азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылады.