ШҚО тұрғыны полицейге тіл тигізгені үшін 40 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді

ШҚО тұрғыны полицейге тіл тигізгені үшін 40 сағат қоғамдық жұмысқа жегілді

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны полиция қызметкеріне тіл тигізгені үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды
Күзде 102 жедел арнасына қоңырау шалған әйел күйеуінің өзін ұрып-соғып, балаларын қорқытатындығын айтқан. Сол жерге тәртіп сақшылары келген кезде мас адам оларды балағаттай жөнелді. Полицейлер үй иесін тыныштандыруға тырысқанымен ол мүлде құлақ аспаған. Аузына ақ ит, кіріп көк ит шыққан ер адам құқық қорғау органының қызметкерлерін қорлауын жалғастыра берді.
Сотталған азамат пробация қызметінде тіркеуде тұр. Ол полицейге тіл тигізгені үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Әр күн сайын 4 сағаттан қар тазалап, қарттарға көмектесуде.- деді Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев