
ШҚО-да қатаң режимді колониядан кісі өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылып мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан сотталғанды оны қылмысы үшін кешірген туған әкесі қарсы алды.
Баласының жасағанын кешіре алмаған әке, түрмеге ешқашан қатынамаған. 11 жылға созылған айырылысудан кейін туған жандар түрме қақпасының алдында қауышты.
«Қас қағым сәтте өз өміріне балта шапқаны үшін Алмазды кешіру менің қуатымнан қатты жоғары болды. Мен баламды олай тәрбиелемеген едім. Ал, кеше қызым қоңырау шалып, оның бүгін босап шығатыны естігенде, жан дүнием өзгеріп сала берді, ішімнен шыққан балапанымды бауырыма басып, қатты қатты құшып алғым келіп кетті.
Мен кеше оның толық кешірдім. Қазақтың «сүрінбейтін тұяқ болмайды, жаңылмайтын жақ болмайды» дейтін мақалын 11 жыл ішімнен күн сайын қайталап, тіпті өзіме ғана айта алмай өзімді жегідей жесем, бүгін оны алғаш рет дауысымды шығарып айтып тұрмын. Мен баламды кешірдім, бүгін мене бақытты әке жоқ» дейді әріптесін өлтіргені үшін сотталған Алмаздың әкесі көз жасын баса алмай.
«Алмаз біздің мекемеге Қарағанды облысы Долинка ауылы АК-159/6 мекемесінен 2018 жылы келді. Ол әрқашан жақсы мінезделеді, ақылы жұмыста тұрды. Спорттың бірнеше түрінен разрядтары бар. Туыстары қатарынан оған жолдасы мен қарындасы ғана қатысып отырды. Мен Алмаз бен оның әкесі арасындағы ауыт қарым-қатынас туралы білетінмін. Кеше Алмаз қарындасымен жақсы жаңалықты хабарлау үшін байланыстыруды сұрағанда, әкесі екеуінің татуласу мүмкіндігін ойлап, ішінді бір жылулық билеп еді, бірақ бүгін әкесі осында келеді деп үш ұйықтасам да ойыма келмеген. Бұл кездесу толқу мен сезімге толы болды. Босап шыққан сотталған қоғамда өз орынын тауып, қайта шалыс баспағаны мені қатты қуантады»-дейді тәрбие бөлім бастығы әділет майоры Руслан Камаржанов