Шығыс Қазақстан облысында көлік ұрлаған 18 жасар жігітке екінші мүмкіндік берілді

Шығыс Қазақстан облысында көлік ұрлаған 18 жасар жігітке екінші мүмкіндік берілді

Шығыс Қазақстан облысында көлік ұрлаған 18 жасар жігітке екінші мүмкіндік берілді

Өскеменде көлік ұрлағаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген 18 жасар жігітке рақымшылық жасалып, екінші мүмкіндік берілді. Жақында пробациялық есепте тұрған Өскеменнің 18 жасар тұрғыны сот залынан рақымшылықпен босатылды.

Ол 17 жасында, мүмкін, әрекетінің салмағын толық түсінбей, көлік ұрлаған. Сот оған 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, Өскемен қаласының Үлбі ауданындағы пробациялық есепке қойған болатын.

«Бұл жас жігіт үшін бетбұрыс сәт болды. Пробациялық бақылауда бола отырып, ол өз әрекетінің барлық ауырлығын түсініп, өмірін өзгертуге бел буды», - деп хабарлады ШҚО ҚАЖД ювеналды юстиция тобының инспекторы Шолпан Күзекпаева.

ШҚО ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы жігіттің таңғаларлық жауапкершілік танытқанын атап өтті. Төрт ай бойы ол жазаны өтеудің барлық шарттарын адал сақтады: уақытылы тіркеуге келді, белгіленген режимді бұзбады. Сонымен қатар, ол оқуын жұмыспен белсенді түрде ұштастырып, қалыпты өмірге оралғысы келетін шынайы ниетін көрсетті.

«Ол жазаны өтеудің барлық ережелерін адал орындады. Оның түзелуге және өмірін таза парақтан бастауға ниетті екендігі анық көрінді», - деп бөлісті пробация қызметкері Шолпан Күзекпаева.

Осылайша, 18 жасында жасаған еңбегі мен заңға бағынышты мінез-құлқының арқасында ол рақымшылыққа ілікті. Сот залында шешім жарияланғаннан кейін жігіт жазасын өтеуден босатылды. Ол пробация қызметінің инспекторларына алғысын білдірді.

«Олар маған түзелуге мүмкіндік берді, осы төрт ай бойы қолдау көрсетті. Мен оларға өте ризамын», - деді ол.

Бүгінгі таңда ШҚО-да пробация қызметінде есепте тұрған 417 адам рақымшылыққа іліккен. Сотқа 275 іс жіберілді. 87 іс қаралды, 55 есептегі адам рақымшылықпен босатылды.