Сотталған адамдарды ұстау сапасын бақылау, оларды қайта әлеуметтендіру және оларға жазаны өтеудің тиісті жағдайларын қамтамасыз ету қылмыстық - атқару жүйесі қызметінің бірінші кезектегі міндеттері болып табылады.
Олардың ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуі қауіпсіз және ізгілікті болуы тиіс. Мекемелердің толып кетуі бақылаудың тиімділігін төмендетеді, бұл жазасын өтеп жатқан адамдар арасындағы жанжалды жағдайларға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, сотталғандарды тиісті жағдайларымен қамтамасыз ету мақсатында, ҚР ІІМ Қылмыстық-Атқару жүйесі Комитеті, ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/2 мекемесін оңтайландыру мәселесін қарастыруда.
Қазіргі уақытта қандай да бір нақты шешімдер қабылданған жоқ.