GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
21 октября 2026
№28 мекемеде Республика күні қарсаңында Қазақстан тарихы туралы деректі фильм көрсетілді

2026 жылғы 19 қазанда Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №28 мекемесінде Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында сотталғандар үшін ел тарихына арналған деректі фильм көрсетілді.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты сотталғандардың Қазақстанның тарихи жолы туралы білімдерін жаңарту, тарихи жадыны сақтау, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды қалыптастыру және патриоттық сезімдерді нығайту болды.

 

Деректі фильмді көру қатысушыларға Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдерін, маңызды тарихи оқиғаларды және еліміздің бай мұрасын еске түсіруге мүмкіндік берді.

 

Мұндай тәрбиелік және танымдық іс-шаралар сотталғандардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, отан тарихына құрмет қалыптастыруға және қоғамға оралуға дайындалуға ықпал етеді.

 

Республика күні-қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи жолын еске салатын маңызды мемлекеттік мереке. Мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық сананы нығайтуға және өз елінің тарихына қызығушылықты арттыруға бағытталған. 

Пробациялық бақылау
21 октября 2026
Қаупсіз үй

Орал қаласында 05.10.2026 жылы - 05.11.2026 жылы күндері аралығында пробация бөлімнің қызметкерлері, прокуратура қызметкерілерімен және  ҚКб УПИ қызметкерлерімен бірлесіп, ЖПІШ "Қаупсіз үй" атты өткізуліде. Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріледі. Тексеру барысында кейбір сотталғандар тұрғылықты жері бойынша болған жоқ, олармен профилактикалық тәрбиелік әңгіме сұхбат жүргізіліп, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайталап түсіндірілді және де әкімшілік пен құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылықтын қайталамауының алдын алу жолдарын түсіндірілді. 

Пробациялық бақылау
21 октября 2026
сотталғандар арасында футболдан жарыс

Орал қалалық пробация қызметі «Орал» спорт клубымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында футболдан жарыс ұйымдастырды.

 

Жарыстың мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, азаматтар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру және олардың қоғамдық ортаға бейімделуіне ықпал ету, сондай-ақ футбол спортына деген қызығушылықтарын арттыру.

 

Жарыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар медальдармен және грамоталармен марапатталды. 

25 сентября 2026
№28 мекемесінде спорттық және мәдени-көпшілік іс-шаралар апталығы қорытындыланды

 №28 мекемесінде 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық, мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шаралар кешені бір апта бойы өткізілді.

 

Апта барысында сотталғандар арасында қол күресінен, арқан тартудан, гір көтеруден, асық атудан және ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан жарыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге және мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.

 

Іс-шаралар аясында А.Н. Островский атындағы Орал драма театрының әртістері мекемеге келіп, сотталғандар алдында өнер көрсетті. Театр қойылымы қатысушылардың мәдени демалысын ұйымдастырып, өнерге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Апта бойы өткізілген спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға сотталғандар белсенді қатысып, өздерінің ептілігін, күшін, төзімділігін, зейінділігін және ұйымшылдығын көрсетті.

 

Апталықтың қорытындысы бойынша бүгін мекемеде сотталғандарды салтанатты түрде марапаттау және көтермелеу рәсімі өткізілді. Спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған, сондай-ақ мәдени-көпшілік және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысқан сотталғандарға марапаттар табысталып, көтермелеу шаралары қолданылды.

 

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық спорт пен мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

 

25 сентября 2026
№28 мекемесінде асық атудан жарыс өтті

 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында спорттық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес, №28 мекемеде ұлттық ойын асық атудан жарыс ұйымдастырылды.

 

Жарысқа қатысушылар өздерінің мергендігін, зейінділігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және төзімділігін көрсетті. Сайыс қызықты әрі достық жағдайда өтіп, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.

 

Асық ату – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын мергендікке, ептілікке және зейінді шоғырландыруға тәрбиелейді.

 

Мұндай іс-шараларды өткізу ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды насихаттауға, сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

 

25 сентября 2026
№74 мекемесінде «Арқан тарту» ұлттық ойынынан жарыс өтті

 2026 жылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған сотталғандар арасында өткізілетін спорттық іс-шаралар аясында №74 мекемесінде ұлттық спорт түрі — «Арқан тарту» ойынынан жарыс ұйымдастырылды.

 

Іс-шараның негізгі мақсаты — ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау, мәдени және спорттық дәстүрлерді сақтау әрі дамыту, сондай-ақ сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

 

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің дене күшін, төзімділігін, ептілігін және командалық жұмыс қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар спорттық тәртіпті сақтау, өзара сыйластық пен қатысушыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінді.

 

Мұндай спорттық іс-шараларды өткізу сотталғандардың дене белсенділігін арттыруға, командалық өзара іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға және тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.

 

Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан атап өтілді. Іс-шара достық және спорттық жағдайда өтіп, командалық рухты нығайтуға және сотталғандарды ұлттық спорттық дәстүрлерге баулуға бағытталды.

 

25 сентября 2026
Құжаттандыру

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметі есебінде тұрған кәмелеттік жасқа толмаған сотталған 16 жасқа толуына байланысты жеке куәлік алуға пробация қызметкерлері қажетті көмек көрсетіп, сотталған азаматқа ХҚКО-нан жеке куәлігін алып беруге жәрдемдесті. 

20 августа 2026
«Абай – ұлы тұлға» тақырыбында сурет байқауы

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына арналған іс-шаралар аясында №28 мекеме сотталғандары арасында «Абай – ұлы тұлға» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – сотталғандарды қазақ халқының рухани және мәдени мұрасымен таныстыру, Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау, шығармашылық қабілеттерін, көркемдік талғамын және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Ұсынылған жұмыстарда қатысушылар ұлы ойшыл тұлғасының әр қырын: Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілігін, білім мен ағартушылыққа ұмтылысын, адамның рухани дамуын, еңбекке және адамгершілік құндылықтарға деген құрметін бейнеледі. Әрбір сурет өзіндік идеясы және автордың жеке шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді.

Байқауды өткізу сотталғандардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, мәдени ой-өрісін кеңейтуге және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.  

Сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс
20 августа 2026
Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара

Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №28 мекемесінде сотталғандар арасында Халықаралық спорт күніне арналған спорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында сотталғандар арасында арқан тартудан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ сотталғандардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру.

Жарыс барысында қатысушылар өздерінің дене күшін, төзімділігін, ептілігін және командалық рухын көрсетті.
Мұндай спорттық іс-шараларды өткізу сотталғандардың денсаулығын нығайтуға, командалық жұмыс дағдыларын, тәртіптілік пен жауапкершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ олардың оң бағытта қайта әлеуметтенуіне ықпал етеді.  

Пробациялық бақылау
20 августа 2026
Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілді

2026 жылдың тамыз айында Орал қалалық пробация  қызметі мен Мансап орталығының бірлесуімен Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға жұмысқа орналасу, мамандық таңдау, кәсіби оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтардың сыртқы келбетіне көңіл бөлініп, шаштарын тегін қию бойынша көмек көрсетілді.
Аталған шараның негізгі мақсаты – пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау, жұмысқа орналасуына ықпал ету және әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету.
Осындай бірлескен әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне және қалыпты өмір салтына оралуына оң ықпал етеді. 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы