
Жасөспірімдер- ел ертеңі, ата- анасы үміт күткен жан. Жасы кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеу, алдын алу, тосқауыл қою, жасөспірімдердің қатысымен жол- көлік оқиғаларының тіркелмеуі, жол ережелерінің үнемі қатаң сақталуы, есірткіге тәуелділіктен аулақ болу, отбасындағы зорлық- зомбылық фактілерінің алдын алу, кәмелетке толмағандардың қайталап құқық бұзбауын талап ету мақсатында біркелкі іс- шаралар жүзеге асырылуда.
Осы ретте Орал қ.ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары Орал қаласы пробация қызметінің инспекторларымен бірлесіп, кешенді тексерістер өткізуде. Тексерістер кезінде жауапты инспекторлар мекен- жайларды аралап, жасы кәмелетке толмағандардың құқық бұзбауларын талап етті.
Сондай- ақ, Орал қ. пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Н.Құсайынова мен Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының инспекторы полиция капитаны А.Ахметова қайталап құқық бұзбауларын, қылмысқа жол бермеулерін, әкімшілік құқық бұзушылықтарға тартылмауын, түзеу жолға түсулерін, арақ-шарапқа әуес болмауларын ескертті.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.