Пробация қызметі

Пробация қызметі

2024 жылдың маусым айының 26 күні БҚО бойынша ҚАЖД №1 Теректі аудандық пробация қызметі «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» КММ басшысының, «Теректі аудандық жұмыспен қамту және Әлеуметтік қорғау бөлімінің» басшысы және маманының, «Подстепное ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің өкілімен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен спорттық іс-шара ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты сотталғандардың адамгершілік тәрбиесін, моральдық-этикалық түсініктерін және салауатты өмір салтын арттыру, сондай-ақ, басты мақсаттардың бірі ол – сотталғандарды қоғамға қосу болып табылады. Аталған спорттық іс-шарада сотталған тұлғалар өздері арасында үстел теннисінен, шашка, шахмат және дойбы ойынынан сайысып, ІІІ-ші, ІІ-ші және жүлделі І-ші орындарға ие болып, ұйымдастырушылар тарапынан медаль және сыйлықпен марапатталды.

Іс-шара сотталған тұлғаларға оң әсер тигізгені анық болды.

 

№1 Теректі аудандық ПҚ аға инспекторы

әділет аға лейтенанты Д.Д.Дауренов