Үлкен жалқаулықтан гөрі кішкентай іс жақсы
Жазасын өтеп отырған сотталған адамдар арасында еңбекпен түзеу жолына бағыт бағдар беру арқылы, сол мақсатында мекеме әкімшілігі жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдайды.
Осындай іс-шаралардың бірі қала мен облыс кәсіпкерлері үшін жыл сйын ұйымдастыратын «Ашық есік күні» болып табылады, кәсіпкерлер мұндай өндірістерді ашудан қорықпауы және сол арқылы сотталған адамдарды еңбекке тәрбиелеуде мемлекетке көмек көрсетуі үшін осындай Бизнестің мүмкіндігі, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы назарына жеткізу мақсатында өткізіледі.
Аталған іс-шараға қала және облыс әкімдігінің, «Атамекен» ҰКП, «Ақжайық» ӘКК және БҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өкілдері, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.
Облыста 1000-нан астам сотталған жазасын өтеп отыр, жеке кәсіпкерде «Еңбек-Жайық» РМК филиалында жұмысқа орналастырылды, бұл 49%. Алайда, бұл аз көрсеткіш, кем дегенде 400 адамды немесе 60% жұмысқа орналастыру қажет. Кәсіпкерлер матадан, былғарыдан, ағаштан, пластиктен және металдан жасалған бұйымдар шығарады.
Бүгінгі таңда сотталғандардың қолымен қалалар мен ауылдарға әртүрлі мөлшерде трансформаторлар өндіріледі, өндірістің бұл түрі республиканың түзеу мекемелерінде жаңашылдық болып табылады.