БҚО бойынша Бәйтерек ауданының №2 пробация қызметі сотталғандарды бақылауды жүзеге асыруда

БҚО бойынша Бәйтерек ауданының №2 пробация қызметі сотталғандарды бақылауды жүзеге асыруда

Бәйтерек ауданының № 2 пробация қызметі Қазақстан Республикасының соттары соттаған, жазасы бас бостандығынан айырумен байланысты емес және аудан аумағында тұратын адамдарды бақылауды жүзеге асырады. "Құқықтық тәртіп" жедел - алдын алу іс-шарасын өткізу аясында Бәйтерек ауданының № 2 пробация қызметінің қызметкерлеріне "Д" ерікті есептеушісімен бірге сотталғандар қатарындағы мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек ұйымдастырылды. "Н" сотталған жас баланы жалғыз тәрбиелеп отыр, өйткені оның жұбайы қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатыр. 2 ақпан 2022ж. оның отбасы азық-түлік алды. Сондай-ақ, кәмелетке толмаған үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған "К" сотталған адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Өз кезегінде Бәйтерек ауданының № 2 пробация қызметі алынған адамдарды короновирустық инфекцияның алдын алудың барлық ережелерін сақтауға шақырады.