
Ағымдағы жылдың 1 – желтоқсан күні Тұңғыш Президент күніне орай Казаталов аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға жиналған көрерменге тұңғыш Елбасының қарапайым металлургтен басталған еңбек жолы мен ел басқарудағы сындарлы саясаты бейнеролик арқылы көрсетілді.
Мерекелік шарада сөз алған аудан әкімі, -Бүгін барлық қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз, - деді Альберт Есалиев. -Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды жеңіп, еліміз экономикасы қарқынды дамушы елдер қатарынан көрініп, егемендік, Тәуелсіздік, Мәңгілік Ел ұлтты біріктіруші күшке, ұлттық идеологияның рухани тірегіне айналды. 30 жылдың ішінде Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда, -деп барша тұрғындарды құттықтады. Шара барысында «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен 16 қазан - 29 қараша күндері аудандық мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында өткен IV күзгі спартакиада ойындары қорытындыланып, «Гір спорты» жарысында жүлделі 2 - орын алған үшін Казталов аудандық пробация қызметінің аға иснпекторы әділет капитаны – С.К. Байдуллин марапатталды.