Орал қаласында "Жас Ұрпақ" жасөспірімдерді дамыту орталығы қаланың пробация қызметімен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

Орал қаласында "Жас Ұрпақ" жасөспірімдерді дамыту орталығы қаланың пробация қызметімен бірлесіп пробация қызметінде есепте тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдермен кездесу ұйымдастырды

Орал қаласының пробация қызметінің психологы Миржан Сарманов "Жас Ұрпақ" жасөспірімдерді әлеуметтік дамыту орталығымен бірлесіп, заң бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сондай-ақ құқыққа бағынбайтын мінез-құлық мақсатында пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірімдердің кездесуін ұйымдастырды. Әлеуметтік даму орталығының психологы Динара Медетова "жасөспірімге өмірлік қиын жағдайды жеңуге қалай көмектесуге болады" тақырыбында кеңес берді, сонымен қатар өзін-өзі бағалау деңгейін арттыруға бағытталған тренинг өткізді.