БҚО колонияларында жазасын өтеп жатқан адамдар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Сотталғандарды әлеуметке қосу тетіктерін жетілдіру бойынша 2021 жылға арналған арнайы бағдарламаны іске асыру мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (бұдан әрі-Орталық) өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығы БҚО бойынша ҚАЖД-мен бірлесіп сотталғандарға босатылғаннан кейін әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ орталықтың қызметімен таныстырды.
Орталық Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығына 4-қосымшамен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнайы қызмет көрсету стандартын басшылыққа алады. Осы стандарт мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында уақытша болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің көлемі мен шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді, уақытша болу ұйымдары қызметінің тәртібін, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, көрсетуді тоқтату шарттарын айқындайды. Орталық 60 адамға есептелген, онда: ерлер мен әйелдердің бөлек тұруына арналған бөлмелер, асхана, әкімшілікке, кезекшіге, полиция бекетіне, медицина қызметкерлеріне арналған бөлме, жеке заттарын сақтау камерасы, санөткізгіштер, себезгі бөлмелері, дезкамера, изолятор бар. Орталықта күніне төрт рет тамақтану қарастырылған. Келесі медициналық қызметтерді көрсететін құрылымдық бөлімше – түнде болу бөлімшесі және әлеуметтік патруль мобильді қызметтері құрылды: 1)алғашқы медициналық тексеру және алғашқы санитарлық өңдеу жүргізу; 2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету. Орталыққа жүгінген және онда тұратын тұлғаларға медициналық, заңдық және психологиялық көмек көрсетіледі. Еңбек дағдыларын, білім мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында қызмет алушыларға жеке қажеттіліктеріне қарай олардың жеке және әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге ықпал ететін қолжетімді кәсіптік дағдыларға оқыту жөніндегі іс-шараларда белсенді қамтамасыз ететін еңбек қызметінің түрлері тағайындалады.
Соңында қатысушылар бірлескен жұмысты жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді. Орталық мамандары сотталғандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.