РУ -170/3 мекемесінің кадр қызметі А. Иманов атындағы Батыс Қазақстан көлік колледжінің соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді

РУ -170/3 мекемесінің кадр қызметі А. Иманов атындағы Батыс Қазақстан көлік колледжінің соңғы курс студенттерімен кездесу өткізді

2021 жылдың 22 қарашасында БҚО бойынша ҚАЖД РУ-170/3 мекемесінің кадр саясаты тобының инспекторы Э.А. Илясова елді мекенде орналасқан А. Иманов атындағы Батыс Қазақстан көлік колледжінің соңғы курс студенттерімен департаментке қарасты мекемелердегі бос лауазымдарды жинақтау мақсатында кездесу өткізді.
Кадр инспекторымен кездесу барысында қылмыстық-атқару саласының қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік жеңілдіктер, қызметкерлердің міндеттері, қылмыстық-атқару жүйесі туралы ақпарат берілді.
Соңғы курс студенттері ұсынылған бос орындарға қызығушылық танытты және болашақта осы салада қызмет ету талаптарымен танысты.