Тасқала ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында дойбыдан турнир өтті.

Тасқала ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында дойбыдан турнир өтті.

Тасқала аудандық пробация қызметі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазасын қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза БК есебінде тұрған сотталғандар арасында дойбыдан турнир ұйымдастырды. Іс-шара тек тәрбиелік сипатта ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттайды, сонымен қатар турнирді өткізуге жауапкершілікпен қараған ҚАЖ қызметкерлерінің беделін арттырады, дойбы әуесқойларын анықтау үшін жағдай жасайды. Турнир айналмалы жүйе бойынша өткізілді, онда ең мықтылар финалда кездесіп, жүлделі орындар үшін жарысты. Турнирге қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.