Орал қаласында мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуге дайындық бойынша сабақтар өткізілді

Орал қаласында мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуге дайындық бойынша сабақтар өткізілді

Қазіргі уақытта БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Кадр саясаты тобының бас маманы Әсем Бердіқұлованың бастамасымен ҚАЖ-ға қызметке орналасуға ниет білдірген үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуге дайындық бойынша сабақтар жүргізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты БҚО бойынша ҚАЖД және оған қарасты мекемелердегі бос лауазымдарды қорытындылау болып табылады. Дайындық сабақтары барысында талапкерлер ҚР Конституциясы, Қылмыстық кодекс, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кодекс, құқық қорғау қызметі және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі бойынша заңдарды зерделей отырып, сұрақтар мен жауаптар бойынша білім алады.