
Қазан айының 21 күні Сырым аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен Сырым аудандық ішкі саясат бөлімі мен бірлесіп облысымыздан келген дін проблемаларын зерттеуші теолог маманмен кездесу ұйымдастырылды. Кәзіргі кезде өзекті мәселенің бірі болған 《діни экстремизмнің , вахабизм, терроризм және интернет желісі бойынша таралып жатырған теріс видео, фото, уағыздардың алдын алу》 тақырыбында өтті. кездесу сотталғандармен теолог маман арасында диалог түрінде өтті. Сотталғандар өз ойларын білдіріп, сұрақтар қойылып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды, сотталғандардың арасында Намаз оқып жүрген азаматтарға дұрыс жолды насихаттау барысында әңгіме өрбіді. Дінтанушы-теолог маманның ішкі тұрақтылық пен дәстүрлі рухани құндылықтарға бас назар аудару керектігіне тоқталып өтті және сотталғандарды теріс ағымның жетегінде кетпес үшін, кез-келген ақпаратты алу үшін тек ресми сайттарды пайдалануға шақырды, ұйымдастырудағы мақсат - сотталғандарды жалған діни ағымдардың арбауынан сақтандыру.