
"Covid-19 пандемиясы жарияланғаннан бері бір жылдан астам уақыт өтті. Сол уақыттан бері мәдени – бұқаралық іс-шаралар өткізілген жоқ. Санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шыққаннан кейін Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің РУ – 170/2 мекемесінің тәрбие бөлімі 21.10.2021 жылы жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін Х.Бөкеев атындағы облыстық қазақ драма театрының актерлерін шақырып, "Қысқа ғұмыр"атты спектакль қойды. РУ – 170/2 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Бағлан Оиықбаев түсіндіргендей, бұл спектакльді көрсетудің мақсаты - әрбір сотталғанға отбасылық өмірдің құндылығын жеткізу және өмір қысқа және отбасымен өткізген әрбір сәтті бағалау керек. Спектакльді көргеннен кейін сотталғандар өздерінің өмір салты туралы ойлады. Спектакльді көргеннен кейін сотталғандар актерлерге қатты қол шапалақтады. Тәрбие бөлімінің бастығы Ерлан Айберситовтың айтуынша, көптеген сотталғандар спектакльге өмірінде алғаш рет қатысты.