Мекеменің дін ұстанушы сотталғандарға топтық дәріс өткізілді.

Мекеменің дін ұстанушы сотталғандарға топтық дәріс  өткізілді.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/2 мекемесінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары  Богенбай Какимов бастауымен Орал қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерлан Кенжин мекеменің дін ұстанушы сотталғандарға «Ислам дініндегі мінез-құлықтары жәнеде ислам құндылықтары» тақырыбы бойынша топтық дәрісін берді. Имам сотталғандарға Хакім Абай атамыздың қара сөздері мен Құран Кәрімнің аяттарын айшықтап терең түсінікпен тәпсірлеп берді. Сотталған азаматтар имамға көкейлерінде сұрақтарын қойды. Оған тұшымды имандылық кітаптары арқылы жауабын берді. Осыған дейін елдегі пандемия ахуалына орай скайп желісі арқылы онлайн дәріс беріп келген еді. Мекеменің режимнің аймағына кіріп сотталғандармен көзбе-көз дәріс беру үрдісі қайта жалғасын тапты.