Қайталама қылмыстың алдын алу бойынша дөңгелек үстел

Қайталама қылмыстың алдын алу бойынша дөңгелек үстел

Пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі сот оларға қатысты пробациялық бақылау белгілеген адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Орал қаласының Абай полиция бөлімінде " ҚР ҚК 122-бабы бойынша сотталған адамдар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 Орал қ. ПҚ инспектор психологы М. Сарманов пен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор А.Рысқұловамен бірлесіп қайталама қылмыстарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізді, сондай-ақ сот үкімімен жүктелген міндеттер тағы да жеткізілді.

Сондай-ақ, сотталғандар тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Мұндай жұмысты пробация қызметі кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс жасаған сотталғандар арасында тұрақты негізде жүргізеді.